Трамп: Қытай сауда келісімін орындай бастады

14 Қазан 2019, 22:24
1228
Бөлісу:
Трамп: Қытай сауда келісімін орындай бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәселенің мәні АҚШ-тан ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу болып тұр. Америка басшысы Бейжіңмен келіссөздердің екінші кезеңі басталатынына уәде етті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Қытай Вашингтонмен сауда келісімін орындай бастады. Бұл туралы ол 14 қазанда Twitter-ге жазды.

Ақ үй басшысының айтуынша, Қытаймен келіссөздің шартында құжатқа қол қойылғанға дейін 3-4 апта күтпей, Америкадан ауыл шаруашылығы өнімдерін уақыт созбай сатып алу болған.

"Қытай біздің патриот-фермерлерімізден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып ала бастады", - деп жазды Трамп.

Ол "келіссөздің алғашқы ірі фазасын аяқтауға" және екінші кезеңін бастауға уәде етті.

Айта кетсек, АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздердің келесі раунды 10-11 қазанда өтті. Ол аяқталғаннан кейін Трамп Вашингтон мен Бейжің "сауда соғысын" реттеу үшін келіссөздің "алғашқы фазасына" жетті.

Кейін АҚШ Қытайдан келетін тауарға баж салығын 15 қазаннан бастап көтеруді шегерген. Бұл алдын ала да осылай жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы