Бас жаңалықтар
Трамп Түркияны сауда жеңілдіктерінен айырды
17 Мамыр 2019, 13:30 271

Трамп Түркияны сауда жеңілдіктерінен айырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президентінің бұндай шешім қабылдауына, Түркияның экономикалық даму деңгейінің едәуір жоғарылағаны түрткі болған. Трамптың пікірінше, Түркияға жеңілдіктер қажет емес. Бұл туралы Түркияның Анадолу ақпараттық агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық Преференциялардың басты жүйесі (GTS) шеңберінде жеңілдіктер жүретін дамыған елдердің тізімінен Түркияны алып тастады.

Трамптың бұл шешімі бүгіннен бастап күшіне енеді.

GTS жүйесі 1974 жылдан бастап қолданылып келеді. 1975 жылы Түркия сауда жеңілдіктерін қолданатын елдер тізіміне енгізілген болатын. Аталған жүйе аясында әлемнің 121 мемлекетінен шығарылатын 4 мың өнім кеден салықтарынсыз АҚШ нарығына келіп түседі.

Трамптың бұл шешімінен кейін Түркия тарапы АҚШ-тан келетін тауарлардың салықтарын бірден көтеріп жіберді. 

Осылайша, Америкадан шығатын алкоголь өнімдерінің нарыққа өткізу құқығы үшін төленетін алымы 140%-ға, ал автокөліктердікі – 120%-ға жоғарылаған. Сонымен қатар азық-түлік, косметикалық заттар және тағы басқа тауарлардың салықтары көтерілген.

 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық