Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге тез жету жолы пысықталды

1 Наурыз 2021, 14:53
1571
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге тез жету жолы пысықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында ТЖД «2ГИС» компаниясымен бірлесіп, ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасқан жері туралы ақпаратты 2ГИС платформасында орналастыру бойынша жоба әзірледі.

Алматылықтар 2ГИС картасынан ТЖ кезінде зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерін таба алады. Ол үшін іздеу жүйесінде «ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау» пунктін «ТЖ кезінде халықты жинау пункті» енгізу қажет немесе содан кейін экранда орналасқан мекен жайлары көрсетілген пункттер тізімі шығады және 2ГИС  пайдаланушылар ең жақын пунктті таңдай алады.

Маршрутты ең жақын пунктке жаяу немесе көлікпен іске қосу кезінде қашықтықты көрсете отырып, А нүктесінен В нүктесіне дейінгі қашықтықтың ең қысқа жолы мен өту уақыты көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қала аумағында ТЖ кезінде зардап шеккен тұрғындарды қабылдайтын 220 пункт бар, олар туралы толық ақпарат ТЖД ресми сайтында орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы