Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдерге алғыс айтты

7 Қаңтар 2022, 15:01
791
Бөлісу:
Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдерге алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа үндеуі кезінде айтты.

Өздеріңізге мәлім, ҰҚШҰ-ның жарғылық құжаттарының негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан конституциялық тәртіпті ретке келтіруге көмек беру үшін ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларынан біріккен бітімгерлік күштерін енгізуді сұрады. Бітімгерлік күштер еліміздегі стратегиялық нысандардың қорғалуын және қызметін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімге келді, - деді Мемлекет башысы.

Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерге алғысын жеткізді.

ҰҚШҰ-ға төрағалық етіп отырған Арменияның Премьер-министріне, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан президенттеріне шынайы алғыс айтамын. Ресей Президенті Владимир Путинге ерекше ризашылық білдіремін. Ол менің үндеуіме жедел, ең бастысы, жолдастық ниетпен үн қатты, - деп айтты ел Президенті.

Сонымен қатар Тоқаев Қытай төрағасына, Өзбекстан, Түркия президенттеріне, БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың басшыларына қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.

Өзгелердің жаңалығы