Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларынан көмек сұрады

6 Қаңтар 2022, 01:01
689
Бөлісу:
Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларынан көмек сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі жағдай қатаң шешімдерді талап етеді. Қазіргі уақытта қазақстандық әскерилер Алматы маңында терроршылармен қарулы қақтығыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, лаңкестер әуежайды және соның ішінде бес ұшақты басып алған. Олардың әрекетінен басқа да тұтас инфрақұрылымдық нысандар зардап шеккен. Терроршылардың мемлекет құрылымын күйретуге ниетті екендігі жөнінде ақпарат бар. Бұдан басқа олардың көбісі шетелде әскери дайындықтан өткен.

 

Өзгелердің жаңалығы