Тоқаев елдің кей аймақтарында интернет қосылатынын айтты
7 Қаңтар, 14:41 503

Тоқаев елдің кей аймақтарында интернет қосылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа үндеуі кезінде айтты.

Елдің кей аймақтарында интернет қосылады, - деді Президент.

Тоқаев интернеттің қосылуы желілерге түрлі видео, ақпараттарды тарата беру дегенді білдірмейтінін айтты.

Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет-байланысты белгілі бір уақыттарда қосу туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім азаматтарымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететініне сенімдімін.  Алайда, Интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертемін. Ондай материалдар шықса, олардың авторларын тауып жауапкершілікке тарту шараларын қабылдаймыз - деді Мемлекет басшысы.


Фото: дереккөз
Загрузка...