Тоқаев әділдік орнатты: Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандықтар марапатталды
6 Мамыр, 08:08 1119

Тоқаев әділдік орнатты: Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандықтар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Әбдібеков Төлеуғали

     Насырханұлы

     (марқұм) 

 – 

 

 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені

 

Несмиянов Александр

     Александрович

     (марқұм) 

 

 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі

 

Сүлейменов Ыбырайым

     (марқұм) 

 –

  100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы. 

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

                 № 889


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...