Токио-2020: Қола жүлде үшін тартыста Елена Рыбакина жеңіліп қалды

31 Шілде 2021, 18:18
2858
Бөлісу:
Токио-2020: Қола жүлде үшін тартыста Елена Рыбакина жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін өткен матчта жеңіліп қалды.

Елена кіші финалда әлемнің 6-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған болатын.
Тартысты матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакина өз еншісіне жазды. Екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен тізе бүкті.

Үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен алда тұрып, нәтижесінде 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осылайша, ол қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленіп отыр.
Өзгелердің жаңалығы