Бас жаңалықтар
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға мүлде тыйым салатын заңды Мәжіліске жолдағанын айтты
12 Наурыз 2021, 20:31 795

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға мүлде тыйым салатын заңды Мәжіліске жолдағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдағанын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды - деді ол өз жазбасында.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...