Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жиынына қатысады
15 Қараша 2021, 14:01 70

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жиынына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысына қатысады. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді - деді ол.

Президенттің баспасөз қызметі 15:00-де Facebook-тағы AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ұлттық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...