Бас жаңалықтар
Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
22 Шілде 2021, 18:11 124

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы Қытайдың Хэнань провинциясындағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады.


Фото: дереккөз
Загрузка...