Бас жаңалықтар
Тоқаев Радий Хабировты қабылдады
28 Қыркүйек 2021, 21:46 3559

Тоқаев Радий Хабировты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.



Фото: дереккөз
Загрузка...