Бас жаңалықтар
Тоқаев: Қазақстан тарихы бойынша бірыңғай оқулық әзірлеуді тапсырамын
26 Қаңтар 2021, 16:35 514

Тоқаев: Қазақстан тарихы бойынша бірыңғай оқулық әзірлеуді тапсырамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында оқулықтардың сапасының төмендігіне тоқталды.

Тоқаев өз сөзінде оқулықтардың сапасына қатысты мәселелер бар екенін айтты.

Бүгінгі таңда мектептерде еліміздің (тілші – Қазақстан) және дүниежүзі тарихы бойынша оқулықтар пайдаланылады. Бұл жерде көптеген сәйкессіздіктерді көруге болады. Мен өзім бірнеше оқулықтарды оқып, олардың сапасыздығына таң қалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деп тапсырма берді Президент отырыста.
Айта кетейік, бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев математика, тілдер, информатика сияқты пәндерге ерекше назар аудару керектігін айтты.

Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген онлайн отырысында министрлер мен аймақ әкімдері баяндама жасады. 

Президент өз кезегінде әр сала бойынша тапсырмалар берді. Үкіметтің кеңейтілген отырысы туралы Baq.kz-тің мәтіндік трансляциясынан мына жерден оқи аласыздар.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...