Тоқаев Бельгияға барды

25 Қараша 2021, 19:06
1170
Бөлісу:
Тоқаев Бельгияға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп, Премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.


Өзгелердің жаңалығы