Тоғжанов: Отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар шығаруға әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді
27 Қазан 2021, 18:04 24635

Тоғжанов: Отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар шығаруға әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Medtech» медициналық техникалар бойынша Бірінші халықаралық форумда хабарлады.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Қазақстандағы фармацевтикалық саланы дамыту бойынша арнайы кешенді жоспар қабылдаған.

Кешенді жоспар аясында 2025 жылға қарай отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісі 50%-ға артуға мүмкіндік туындайды.

Пандемия бүгінгі таңда өзімізді вакциналар, дәрілік заттармен ғана емес, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті. Елімізде бұған басымдық беретін боламыз. Біздің әлеуетіміз бен мүмкіндігіміз жетеді, - деп атап өтті вице-премьер.

Айта кететін жайт, форум елордада өтіп жатқан Денсаулық сақтау бойынша Astana Zdorovie 2021 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі шеңберінде ұйымдастырылып отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...