Тоғжанов КВИ-ге қарсы вакцина шығаратын зауыт құрылысымен танысты

24 Қараша 2020, 12:54
1369
Бөлісу:
Тоғжанов КВИ-ге қарсы вакцина шығаратын зауыт құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай өңірінде барды.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер Гвардейский ауылындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы отандық атаулы препараттар шығаратын зауыттың құрылыс барысымен танысты. Зауыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл аяқталады. Қазіргі уақытта барлық инженерлік коммуникация жүргізілген. Жұмысқа 145 адам және 30 бірлік техника жұмылылған. Зауыт өз жұмысын келесі жылдың бірінші тоқсанында бастайды деп күтілуде.

Мұнда әлемдік стандарттарға сйкес иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирустық инфекцияға, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығарылатын болады. Жыл сайын биопрепараттардың 30-60 миллион дозасын өндіру жоспарланып отыр.

Премьер-министрдің орынбасары институт қызметкерлерімен кездесіп, оларды әңгімеге тартты. 

Биофармацевтикалық зауыттың құрылысы және коронавирусқа қарсы отандық вакцина жасау Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Біз бүгін барлық көкейкесті мәселені осы жерде талқылап, шешу үшін арнайы келіп отырмыз. Тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалақыны көтеру мәселелері қазірдің өзінде шешімін табуда. Сонымен бірге сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бүкіл ел сіздерге қарап тұр, - деп атап өтті Тоғжанов.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі зауыттың салынуы аймақ экономикасының дамуына жаңа серпін беретіндігін атап өтті.

Тоғжанов КВИ-ге қарсы вакцина шығаратын зауыт құрылысымен танысты

Бұдан соң Ералы Тоғжанов институт қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі үйдің құрылыс барысымен танысты. Нысанның құрылысы тамыз айында бастаған десек, ол келер жылдың басында пайдалануға берілмек. Тағы екі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.

Институт жұмысымен танысқан Ералы Тоғжанов онда Қордай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтының өзекті мәселелерін шешу бойынша кеңес өткізді.

Өзгелердің жаңалығы