Тоқаев Тәжинге алғыс айтты

18 Қыркүйек 2019, 20:04
2219
Бөлісу:
Тоқаев Тәжинге алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Тәжинге ел ісіне сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысы Твиттерінде жазды.

"Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Қ.Көшербаев М.Тәжиннің орнына Мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет ісіне сіңірген еңбегі үшін М.Тәжинге алғыс айтамын. Оның білімі мен білігі еліміздің игілігіне қызмет ете береді", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Марат Тәжинді мемлекеттік хатшы қызметінен босатты.


Өзгелердің жаңалығы