Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

5 Желтоқсан 2019, 15:27
21241
Бөлісу:
Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды. 

Бүгін Қазақстан президенті канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі, - деп жазды Берік Уәли.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ, бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.


Өзгелердің жаңалығы