Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

18 Маусым 2020, 14:01
1885
Бөлісу:
Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың сауығып кетуін және бұл сынақты жеңіл еңсеруіне тілектестік білдірді.

Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін, - деп жазды ол Твиттердегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы