Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін әскери ойындардағы жеңісімен құттықтады

18 Тамыз 2019, 20:02
1400
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін әскери ойындардағы жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін әскери ойындардағы жеңісімен құттықтады.

«Халықаралық әскери ойындарда жақсы өнер көрсеткені үшін Қазақстанның Қарулы күштерін құттықтаймын. Сіздер жоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39 команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter аккаунтында.

Атап өтсек, Мəскеу облысының Алабино полигонындағы «Патриот» саябағында бесінші Армиялық халықаралық ойындарының салтанатты жабылу рəсімі өтті. Бұған қоса, жалпы командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы үшінші орынды еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы