ТМД байқаушылары сайлауды бейпартиялық байқау орталығына келді

9 Қаңтар 2021, 16:39
1545
Бөлісу:
ТМД байқаушылары сайлауды бейпартиялық байқау орталығына келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сайлауды бейпартиялық байқау орталығына (бұдан әрі - Орталық) ТМД Миссиясының халықаралық байқаушылары, РФ қоғамдық палатасының өкілдері келді. 

Оның ішінде Григорьев Максим Сергеевич - Демократия мәселелерін зерттеу қорының директоры және Кирьянов Артем Юрьевич - қоғамдық маңызы бар заң жобаларын сараптау жөніндегі комиссия төрағасының бірінші орынбасары болды.

Бану Нұрғазиева Орталықтың ағымдағы жұмысы туралы, аймақтық байқаушылар желісін қалыптастыру және оқыту барысы, барлық сайлау процесіне қатысушылармен, саяси партиялардың өкілдерімен және халықаралық бақылаушылармен өткізілген кездесулер туралы айтатын болады. 

Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының өкілдері өз кезегінде қазіргі әлемдегі демократияның әртүрлі модельдерінің қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу, Ресейдің модернизациялау модельдерін жасау және бейімдеу, Ресейдегі саяси институттардың тиімділігін, тұрақтылығы мен заңдылығын зерттеу тәжірибелерімен бөліседі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы