Бас жаңалықтар
Өткенді таразылап алу керек – тарихшы
02 Маусым 2020, 15:12 210

Өткенді таразылап алу керек – тарихшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткенді таразылап алу керек. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор  Ахмет Аққали мәлімдеді. 

Ұлтық құндылықтардың, соның ішінде елдіміздің тарихын білу әрбір қазақстандық азаматқа міндетті дүние. Бұл комиссия алғашқы да, соңғысы да болмас. Оның жолы 1993 жылы басталған. Сәуір айында Манаш Қозыбаевтың бастамасымен тарихшылардан жиналған комиссия құрылды. Ол комиссия өзінің қауқары жеткенше алғышарт жасап кетті десе де болады. Кеңестік қатаң бейімнен шыққан кезеңде ондай комиссия құру оңай болмаған болар. Ол кезде коммунистік идеяның көзқарасы басқаша болды, - деді ол. 

Осыған дейін де қазақ халқының басынан кешірген геноциді бойынша ғалымдар бірқатар мақала жариялады. 
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын бетке алып жаңғыратын болсақ, өткенімізді таразылап алу керек. Халқымыздың қандай қиындықтан өткеніне қажетті деңгейде баға бере алдық па? Адам – ең бірінші байлық. Адамдарға көңіл бөлдік пе? Заң үстемдік құрып, заң адамға  емес, адам заңға қызмет етіп кетті. Қарапайым адамдардың құқығын аяққа басу деген сұмдық болды. Бұл - өте өзекті мәселе. Біз ашық қоғам құрамыз дейміз, - деді Ахмет Аққали.  

Тарихшы адам құқығын қорғауға қатысты АҚШ-ты мысалға келтірді.  
Бір ғана адамның өлімі үшін бүкіл қоғам көтерілді. Біз әлі ондай деңгейге жеткен жоқпыз. Өткенге топырақ шашсақ, өткенді білмесек, тағы да осылай 100 жыл артта қаламыз. Президенттің комиссия құру туралы шешімі өте орынды. Азаматтық қоғам құру жазықсыз нақақтан-нақақ кеткен қарапайым адамдардың құқығын қорғау үшін жұмыс істеуіміз керек, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол Президенттің бастамасын тек сан, статистика қуып, науқандық шараға айналып кетпейтініне сенім артты.
 
Оның айтуынша, мемлекеттік комиссия әрбір адамның құқығын қорғауы керек.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...