Тимур Сүлейменов: Агенттік алдында мемлекеттік қызметке орналасу процесін оңтайландыру міндеті тұр

10 Ақпан 2021, 11:34
1135
Бөлісу:
Тимур Сүлейменов: Агенттік алдында мемлекеттік қызметке орналасу процесін оңтайландыру міндеті тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысы барысында айтты.

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделінде адам және оның мүддесі алдыңғы орынға шығады. Біз мемлекеттік қызметші ретінде азаматтар мен бизнестің күнделікті қызмет жолындағы қажеттіліктерін білуіміз керек. Сондықтан мемлекеттік басқарудың модернизациялануы көбінесе мемлекеттік кадрларға тікелей байланысты. Осы ретте салаға қатысты басымдықтарға тоқталар болсам, негізгі мәселе – жаңа тиімді кадрлар легін тартуды қамтамасыз ету және мықты мамандарға қызмет ұсыну. Себебі мамандардың жиі ауысуы жергілікті жерлерде де, ұлттық деңгейде де байқалады, - деді ол.

Тимур Сүлейменов бұл үшін мемлекеттік қызметкердің потенциялын ашу жүйесін енгізу керегін айтты. Агенттік алдында мемлекеттік қызметке орналасу процесін оңтайландыру міндеті тұр және мұнда негізгі басымдық үміткерлердің құзыретіне берілуі керек.

Біз мемлекеттік қызметкерге актив ретінде қарауды қойып, заң ережелері мен нақты нормаларды жаттап алатын әдеттегі тәжірибеден алыс кетуіміз керек. Қазіргі жағдайдың өзгеруіне байланысты азаматтың дамуға деген құлшынысына назар аудару қажет. Осы ретте агенттіктің Іqyzmet сандық жүйесін енгізуге қатысты бастамасына оң көзқарас танытқан жөн. Бұл жүйе тесттік режимде жұмыс істеді. Биыл өндірістік деңгейде жүзеге асады деген сенімдеміз. Біз қаржылық және басқа да әкімшілік мәселелерде қол ұшын созатын боламыз, - деді ол.

Сүлейменов агенттік онлайн режимде кадр қабылдау жолында объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге тырысып келетінін айтты. 

Оның сөзінше, бұл мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыру жолындағы аса маңызды фактор.

Өзгелердің жаңалығы