Террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсанттың отбасына “Айбын” ордені табысталды
PHOTO
12 Қаңтар, 14:24 314

Террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсанттың отбасына “Айбын” ордені табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери және қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Бітім Мейірханның Ақтаудағы ата-анасына мемлекеттік награда жеткізілді.

Мейірхан Ержанұлы қайтыс болғаннан кейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі және батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған болатын. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік награданы марқұмның атасына табыстады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мейірханның қызметтік борышын орындау кезіндегі көрсеткен ерлігін жоғары бағалап, қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Мейірхандай ержүрек баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген отбасына, ұстаздарына, жақындарына алғысымды білдіремін. Енді бұндай орны толмас өкініш қайталанбасын. Ол үшін елдің бірлігі мен ынтымағы қажет,- деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы марқұмның отбасына Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың көңіл айту жеделхатын табыстады.


Фото: дереккөз
Загрузка...