Бас жаңалықтар
Қазақстанда терезеге ергеншек орнату міндеттеледі
01 Маусым 2020, 17:29 478

Қазақстанда терезеге ергеншек орнату міндеттеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар үйінің терезесіне балалар үшін қорғаныс құрылғыларын (ергеншек) орнатуға міндеттеледі. Бұл туралы ТЖК басқарма басшысы Орал Әбдірахманов хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті терезені жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізбек.

Жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетті. Жаңа талаптың арқасында осындай оқиғалар азайып, бала өлімі төмендейді деген сенім бар. Көпқабатты үйлерде терезеге арнайы қауіпсіздік жабдықтарын ата-аналардың өздері орнатады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қауіпсіздік құлыптарын мемлекеттің қаражатына орнату жоспарланып отыр. Бүгінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданды, - деді Орал Әбдірахманов.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...