Теннистен Федерация Кубогы: Зарина Дияс алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

20 Сәуір 2019, 22:16
1818
Бөлісу:
Теннистен Федерация Кубогы: Зарина Дияс алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда өтіп жатқан Федерация кубогында қазақстандық теннисші Зарина Дияс алғашқы кездесуінде ұлыбританиялық Йоханна Контеден жеңіліп қалды. Бұл туралы BNews.kz сайты хабарлайды.

Алғашқы партияда Зарина Дияс ұлыбританиялық теннисшіні 6:4 есебімен жеңді. Бірақ қалған партияларда қазақстандық спортшы 3:6, 2:6 есебімен Йоханна Контеге жол берді.

Қос теннисші арасындағы бәсеке 2 сағат 41 минутқа созылды.

Айта кетейік, 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтеді. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрамасы өзара күш сынасады.

Әйелдер құрамасы теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне үш рет, яғни Францияға (2013), Канадаға (2017) және Ұлыбританияға (2019) жолдама алған.

Аталған жарыста қазақ елінің намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Галина Воскобоева қорғайды. Олардың қарсыластары – Йоханна Конта, Кэйти Бултер, Хитер Уотсон, Хэрриет Дарт, Кэйти Суон.     

 

Өзгелердің жаңалығы