Темекі шегетіндер коронавирусқа шалдықпайтыны рас па?

13 Мамыр 2020, 11:16
2223
Бөлісу:
Темекі шегетіндер коронавирусқа шалдықпайтыны рас па?

Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гаухар Қожакеева  коронавирустың таралуымен қатар түрлі мифтер пайда болып жатқанын айтады.

Оның айтуынаша, қазір коронавирустың алдын алу тұрғысында түрлі қауесеттер тарауда. Солардың бірі темекі шегетін адамдардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы туралы миф. Бұған Қытай провинцияларының бірінде вирус жұқтырғандардың аз болу дерегі негіз болған көрінеді, олардың көбі темекі шегетінін айтқан.

ДДҰ мәліметтері бойынша, Жер шарының 7,5 млрд тұрғынының шамамен 1 миллиарды темекі шегетіндер. The TobaccoAtlas америкалық бастамашылар тобының аналитиктері жыл сайын темекі тұтынушылар 5,7 млрд сигарет шегіп, шамамен 1 млн тонна темекі тұқылын шығарып тастайды деген ақпарат береді. Олар тонналап шығарылып жатқан темекі тұқылдарының тек қана қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар, адамдарға да зиян келтіретіндігі, өйткені олардың целлюлоза ацетатынан тұратындығы және жалпы табиғи жағдайда ыдырап кетпейтіндігі туралы фактілерді ұсынды. Темекі ағзаға белсенді сіңірілетін көптеген заттардан тұрады. Денсаулық үшін иіскейтін темекі де өте қауіпті. Оған басты айналдыратын құрғақ снафф жатады. Қоспа көз қарашығын ұлғайтып, реакцияны арттырады, - дейді дәрігер.

Гаухар Қожакееваның айтуынша, темекі шегу иммундық жүйеге қатты соққы береді, бұл кез келген инфекцияның, оның ішінде жаңа коронавирус инфекциясының ағымына да кері әсер етеді екен.

Темекі шегушілерде иммундық жүйенің төмендеуі мен өкпе тіндері зақымдануының салдарынан ауру көбіне пневмонияның дамып, әрі қарай аурудың  ауыр түріне дейін өршитіндігі дәлелденді. Сондықтан, темекі шегу адамды коронавирусты жұқтырудан сақтайды деген пікір түпкілікті дұрыс емес, керісінше, аурудың ауыр ағымының болу қаупі мен өлім қаупінің қосымша факторы, - дейді ол.

Қазіргі таңда, коронавирус пандемиясы жағдайында темекі шегу аурудың асқынуларына әсер ететіндігін, аурудың нәтижесі қауіпті жағдайларға әкелетіндігін дәлелдейтін деректер бар екен. Яғни, бұл сигарет, кальян, вейптерді шегу адамды коронавирустан аман сақтап қалады деген пікірге сенуге болмайды.

Өзгелердің жаңалығы