Тек қазақстандық тауарды сатып алу ережесін ұстаныңыз – Күрішбаев

26 Маусым 2020, 20:03
1924
Бөлісу:
Тек қазақстандық тауарды сатып алу ережесін ұстаныңыз – Күрішбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер сіз қазақстандық тауарды айына 100 мың теңгеге сатып алсаңыз, сіздің осы шығындарыңыз кем дегенде 2-3 жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл  туралы С Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Достар, біздің еліміз пандемия салдарынан ауқымы алдағы айлардан байқалатын және бірнеше жылға созылатын дағдарысты бастан өткеруі мүмкін.
Бірақ дағдарысты жеңілдетуге, оның мерзімін, ауқымын күрт қысқартуға мүмкіндік беретін бір жол бар. Бұл – тек қазақстандық өндірістің тауарлары мен қызметтерін сатып алу! Әрине, бұған сөзбен барлығы қолдау көрсетеді, дегенмен нақты нәтиже үшін оны дағдыға айналдыру қажет. Тұтынушы ретінде әрбір тауарды қарап, тек қазақстандық тауарды таңдап, егер баламасы болса, сатушылардан отандық тауарға тапсырыс беруді, шетелдік тауардан бас тартуды талап ету керекпіз.

Азық-түлік бойынша көбінесе біздің сапамыз жоғары деңгейде, ал тауарлар бойынша жақсысы да, сапасы сәл төмендеуі де бар. Бірақ бұл – уақытша мәселе. Егер бәріміз қазақстандық таңдауда болсақ, онда отандық өндірушілерде тауар сапасын көтеру үшін, қаржысы мен уақыты пайда болады. Егер сіз қазақстандық тауарды айына 100 мың теңгеге сатып алсаңыз, сіздің осы шығындарыңыз кем дегенде 2-3 жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Осындай қолдаудың арқасында біздің отандық тауар өндірушілеріміз нығайып, экспортқа оңай шыға алады, ал бұл жағдайда 5-6 жұмыс орнын сақтап қаламыз. Сондықтан, тек қазақстандық тауарды сатып алу ережесін ұстаныңыз! Және мүмкіндігінше, сіз сияқты қолдау жасау үшін, өзіңізді қоршаған адамдарға да бұл әдетті насихаттаңыз!, - деп жазды Ақылбек Күрішбаев.


Өзгелердің жаңалығы