Бас жаңалықтар
Тегін бензин. WhatsApp тағы дүрлігіп жатыр
19 Сәуiр 2021, 23:46 375

Тегін бензин. WhatsApp тағы дүрлігіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. What‘sApp-та қазақстандықтар Helios жанармай құю стансасынан 150 литр бензинді тегін алуға болатыны туралы сілтемені жаппай бөлісіп жатыр. Ол үшін сайттағы сауалнамаға жауап беру керек.

Алайда жанармай құю стансасы желісінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Helios жанармай құю станциялары желісінің ресми сайтында да, олардың Instagram-дағы ресми аккаунтында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл - жалған ақпарат. Мұндай хабарламалар туралы мәлімет келіп түсті, біз оны дереу теріске шығардық, – делінген ЖҚС желісі өкілдерінің жауабында.
Желіде мазмұны ұқсас осындай хабарлама бұған дейін де тараған болатын. Биыл 13 наурызда ЖҚС желісінің ресми Instagram-аккаунтында оны жоққа шығаратын ақпарат жарияланған.
Helios-тың бұл хабарламаға қатысы жоқ. Барлық шаралар туралы ақпарат www.helios.kz ресми сайтында және @helios_kz instagram парақшасында ғана жарияланады. Сілтеме арқылы өтпеулеріңізді және хабарламаны таратпауларыңызды сұраймыз, – делінген мәтінде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...