TED Talks: Медиа мамандар жастарға ақпараттық сауаттылықты үйретті

16 Қараша 2019, 18:10
2849
Бөлісу:
TED Talks: Медиа мамандар жастарға ақпараттық сауаттылықты үйретті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін  "True or False" чемпионаты аясында отандық білікті медиа мамандар TED форматында жастармен кездесу өткізді. Айкерім Есенәлі, Махаббат Есен, Мұхаммедали Болатұлы және Арман Тілеукенов сияқты танымал журналистер медиасауаттылық жөнінде өз ойларын ортаға салды. 

Бұл орайда еліміздегі ақпараттық, аналитикалық және тематикалық интернет-ресурстарын басқаратын мемлекеттік медиахолдинг -  "ҚазКонтент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Тілеукенов аудиторияға кез келген ақпаратты жіті тексеріп, оның дәлдігіне көз жеткізбейінше оған сенбеу керек екеніне баса назар аударды. Өзіне құлақ асқан жас көрермендерге "Fact Checking, StoryTelling және Fake News" деген ұғымдарды түсіндіріп берді. Яғни, бірнеше ақпараттық жаңалықтарды сараптап, талқылап көрсетті. 

992d0153-6224-4b7f-96e6-f64943d5e1cb.jpg

Сіздерге айрықша айтқым келеді, көрген немесе естіген қандай жаңалық болсын сол ақпаратты бірнеше мәрте тексеріп көз жеткізбейінше, оған сенбеңіз. Қайта тексеру - өте маңызды. Жан-жақты сараланған ақпарат көзі ғана объективті болып саналады. Мұны журналист ретінде анық айта аламын. Мәселен, көптеген ақпараттық басылымдар "сатылған" деген теріс пікір қалыптасқан. Алайда, олай емес. Мәселе - әрбір журналистің кәсіби дайындығы, өз ісіне деген адалдығы мен әділдігінде. Біз ақпараттық ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Мүдде деген бар. Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары белгілі бір қызығушылық пен мүддеге сай жұмыс істейді, - деп атап өтті өзінің сөйлеген сөзінде Арман Тілеукенов.

Сондай-ақ ол қазақстандық ақпараттық кеңістікте орын алған бірнеше жәйттерге тоқталып, мысалдар келтіріп өтті.

a9336932-360f-46d9-9c38-917c6d0d444a.jpg
Ақпарат көзі, яғни дерек бір болуы мүмкін. Алайда, әр басылым оны әр түрлі ракурспен таратады. Яғни, телеарна басқа сипатта, радио мен газет мүлдем басқа қырынан көрсетіп жариялайды. Әркім қандай ақпаратты халыққа жеткізгісі келсе, сондай бағытта береді. Халықаралық журналистикада ақпараттық гигиена деген термин бар. Жаңалықты ақпараттық гигиеналық тұрғыдан қабылдай білу - ол біздің құқықтық сауаттылығымызға алып келеді. Мәселен, мыңдаған халық жиналып шу шығарып, митингтерге қатысады. Ал, соның жартысынан кемі өзінің сол наразылық білдірушілердің арасында не істеп жүргендерін де білмейді. Бұл - бір мысал. Сондықтан да Сіздер ақпараттық тұрғыдан сауатты болуларыңыз қажет, - дейді спикер әрі тілші Айгерім Есенәлі.

Айта кетейік, сыни ойлауды дамытуға арналған бұл шарада қатысушылар киберқауіпсіздік, медиасауаттылық, IT, журналистика саласындағы жетекші сарапшылардан дәріс тыңдады.
Өзгелердің жаңалығы