Тәжікстанда соңғы бес айда алғаш рет коронавирус жағдайы тіркелді

22 Маусым 2021, 12:27
5377
Бөлісу:
Тәжікстанда соңғы бес айда алғаш рет коронавирус жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанда коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді, деп жазды centralasia.media. 

Елде 11 қаңтардан бері науқас тіркелмеген болатын. 

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында бұл жағдайды растады. 

Кеше Душанбэде эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге арналған республикалық штабтың отырысы өтті. Отырыс барысында вирустың қайта пайда болуының себебі ретінде шетелден оралған азаматтардың карантиндік мерзімді сақтамауы мен санитарлық-гигиеналық талаптарға салғырт қарауы аталды. 

Елде қанша адамның вирус жұқтырғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Штаб мүшелері санитарлық талаптарды қатаң сақтап, маскасыз қоғамдық орындарға кіруге тыйым салды. 

Ресми мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғалы бері Тәжікстанда коронавирусты 13 308 адам жұқтырған. Оның ішінде 90 адам көз жұмып, 13 218 науқас сауықты.


Өзгелердің жаңалығы