Бас жаңалықтар
#Тәуелсіздік30. Ұланбатырда фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды
23 Қыркүйек 2021, 20:58 2387

#Тәуелсіздік30. Ұланбатырда фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұланбатырда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фото және кітап көрмесін ұйымдастырды. 

Іс-шараға сыртқы істер, білім және ғылым, әділет және ішкі істер министрліктерінің, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақ диаспорасының өкілдері қонақ ретінде қатысты.

Көрменің мақсаты – моңғол аудиториясын Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде мықты елге айналған егеменді мемлекет ретінде қалыптасу тарихымен таныстыру. Ел басшылығының прагматикалық саясатының арқасында біздің еліміздің жетістіктерін, сондай -ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани қайта құруларды танымал ету.

Қонақтарға республикамыздың қарқынды өзгерістерін, егеменді мемлекет ретінде тарихи даму жолын, қазақтың көрнекті тұлғаларының портреттерін, сондай-ақ халықаралық сахнадағы табыстарын бейнелейтін фотосуреттер мен кітаптар ұсынылды.

Фото және кітап көрмесін ашқан Қазақстанның Елшісі Жалғас Әділбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі басты табыстарын атап өтті: экономикалық дамудың қарқындығы, әлеуметтік даму, халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы рөлі.

Сонымен қатар, отандық дипломат іс-шара қатысушыларына елдің тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі экономикалық және саяси реформалары туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнын қысқаша баяндады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз тарихының жаңа беттерін бейнелеуде екені айтылды. Көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен келісім –мемлекеттік барлық институттардың белсенді және үйлесімді жұмысына негізделген қазіргі қазақстандық шындықтың негізгі тірегіне айналды.

Сонымен қатар, іс-шарада Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы экс-Елшісі Дамдинжав Дашням сөз сөйлеп, тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның қуатты мемлекет құру үшін іргелі жұмыстарды, сондай-ақ инфрақұрылым мен ескірген өндірістік жүйені дамыту үшін табысты реформалар, жаңғырту мен кешенді шараларды жүргізгенін атап өтті.

Д.Дашнямның айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және теңдестірілген саясатының арқасында Қазақстан әсерлі нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде Н.Назарбаевтың елді одан әрі дамытудағы белгіленген бағыты Қазақстанның қазіргі Президенті Қ.Тоқаев саясатында өзінің айқын кескінін табуда.

Іс-шара барысында қонақтар «Домбыра» аспабымен және «Морин Хуур» моңғол халық аспабымен орындалған қазақтың ұлттық музыкалық туындыларын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса, қазақ диаспорасының талантты жастары Д.Нұрпейісованың «Науаи» және «Әсемқоңыр» атты танымал күйлерін орындады.


Фото: дереккөз
Загрузка...