#Тәуелсіздік30: 30 жылдыққа 30 метрлік Ту тігілді

7 Ақпан 2021, 09:23
2041
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30: 30 жылдыққа 30 метрлік Ту тігілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі әнші Ибрагим Ескендір мен Темір Сыпатаев бастаған жігіттер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 метр Ту тіктіріп, арнайы бейне-ролик түсірді. Бұл туралы ақын Балғымбек Имашов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ибрагим Ескендір мен Темір Сыпатаев бауырларым бастаған бір топ отаншыл азаматтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 метрлік байрақ тіктіріп, рухымызды бір сілкіндіргендей болды. Бір Тудың астына, Алаш туы астына жиналып, күн сөнгенше сөнбейтін Ел болуды Алла нәсіп етсін! Білегі мықты, жүрегі түкті өнерде де, спортта да Көк туымызды желбіреткен осы азаматтарды мақтан етемін. Кейінгі толқын еліктеуге, үлгі тұтуға лайық нағыз Ерлер осылар - деп жазды ол.

Бұл шара Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шиелі ауылында ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы