Тау шыңындағы альпинистерді іздестіру жұмыстарынан бейнешолу

20 Тамыз 2019, 13:47
2134
Бөлісу:
Тау шыңындағы альпинистерді іздестіру жұмыстарынан бейнешолу
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Жеңіс шыңында жоғалып кеткен альпинистерді іздестіру жұмысының барысы туралы видео ұсынды.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тауда жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру операциясы қайта басталғанын айтты. 

Айта кетсек, Қазақстанның 3 альпинисі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Жеңіс шыңында жоғалып кеткендігі туралы хабарланған болатын. Қазақстан азаматтары Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулиннің 4 тамыз күні Победа шыңына сапарлап шыққан.  Олардың барлығы да кәсіби және тәжірибелі альпинистер. 14 тамызда альпинистер аталған шыңды бағындырған. Сол күні ауа райы нашарлаған. Альпинистер 15 тамыз күні шамамен сағат 08.15-те соңғы рет 6900 метр биіктіктен байланысқа шығып, орын алған жайтқа қатысты дабыл қаққан. Сондай-ақ, олар А.Чечулиннің қаза тапқандығын естірткен. Шатырлары мен жабдықтарын жел ұшырып кеткен. Олар қардан шұңқыр қазып, соған жасырынғандықтарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы