Бас жаңалықтар
Татарстанда жұмысшы мамандықтары арасындағы әлем чемпионаты басталды
24 Тамыз 2019, 04:18 362

Татарстанда жұмысшы мамандықтары арасындағы әлем чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстан астанасында жұмысшы мамандықтары арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады 24.kz.

Шараның ашылу салтанаты 45 мың орындық Қазан-Аренада өтті. Бәсекеге жиналған 63 елдің құрамасы ресми түрде таныстырылып, әрқайсысына ерекше құрмет көрсетілді. Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Әлем чемпионатына 34 қазақстандық маман жолдама алған болатын. Олар 31 бағыт бойынша өз біліктіліктерін көрсетеді. Бұдан бөлек 30-дан аса отандық сарапшы да осы халықаралық байқауға барған. Қазан төрінде жерлестерімізбен Үкімет басшысы Асқар Мамин кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлемдік жұмысшы мамандықтары чемпионатына осымен үшінші рет қатысып жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық