Бас жаңалықтар
Тарихшылар арасында байқау жарияланды
10 Желтоқсан 2019, 16:30 3453

Тарихшылар арасында байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шыңғысхан дәуіріндегі әйгілі тұлға Тұғұрұл хан және оның ұрпақтары – Сібір хандары Тайбұға хан, Сейдақ хан атындағы тарихшы-ғалымдарға арналған республикалық байқау жарияланды.

"Tugurul han Оn-han" корпоративтік қоры ұйымдастырған байқаудың басты мақсаты Дарынды жас тарихшылар мен жетекші ғалымдарды, зерттеушілерді іздестіру, олардың ғылыми және шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету. Сонымен қатар Тұғұрұл хан, Тайбұға хан, Сейдақ хан туралы деректерді жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың ел басқару саясаты мен ерлік-батырлықтарын насихаттау.

Байқау 2020 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Байқауға еліміздің барлық тарихшы-ғалымдары, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары, ғылыми-зерттеу институттарының және орталықтарының, музейлері мен архивтердің қызметкерлері т.б. қатыса алады.

Байқау шарттарымен мына жерде танысуға болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...