Тарбағатай ауданында 10 үйді су басты

21 Шілде 2020, 00:31
2549
Бөлісу:
 Тарбағатай ауданында 10 үйді су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылында нөсер жауынның салдарынан 10 үйді су басты. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдейді.

19 шілде күні сағат 20.10 шамасында қатты нөсер жауған. Жауын-шашын салдарынан 10 шақты жер үйді су басқан. Судың тереңдігі 20 сантиметрге дейін жетеді. Қазіргі таңда 20 тұрғын туыстарының үйін паналап отыр.

Өрт сөндіру қызметкерлері мотопомпа көмегімен 700 текше метр су сорып алды. Келтірілген шығынды арнайы құрылған комиссия есептеуде.

Өзгелердің жаңалығы