Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған күдікті ұсталды

23 Қазан 2019, 09:13
3799
Бөлісу:
Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған күдікті Алматыда қолға түсті. Әлеуметтік желіде 6-сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға жәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Аталмыш жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген. Ал тәртіп сақшылары әзірге тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. 

Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр. 

"Төрт күн өткеннен кейін жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда екені анықталып, қолға түсті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде", - деді Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбек Бекқожаев.


Өзгелердің жаңалығы