Бас жаңалықтар
Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі
14 Тамыз 2020, 15:57 264

Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды.

Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қайта атау жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі. 

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердлов ауданы (Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (Қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген. Олимпиада чемпионы 2020 жылғы 2 тамызда дүниеден өтті.

Фото: дереккөз
Загрузка...