Таразда XVII облыстық дельфий ойындары аяқталды

12 Маусым 2021, 08:42
1688
Бөлісу:
Таразда XVII облыстық дельфий ойындары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда жастар арасында XVII облыстық дельфий ойындары аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Оны ұйымдастырудағы мақсат – ауылды жерлерде жүрген талантты да дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Бұған дейін облыстық іріктеуден сүрінбей өткен өрендер республикалық ойында Жамбыл облысының намысын сәтті қорғап келген еді. Бұл жолы да оларға сондай мүмкіндік беріледі деген ойдамыз, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Бұл жолғы облыстық дәстүрлі дельфий ойындарында 200-ге жуық қатысушы 13 аталым бойынша бақ сынады. Жеңімпаздарға қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты шара барысында арнайы дипломдар мен жүлделер тапсырылды.

Барлық аудандар қамтылды. Оның ішінде Тараз қаласы бар. Жалпы 9 номинация бойынша байқау ұйымдастырылды. Ол халық әні, эстрадалық әндер, баян, аккордеон, прима тағысын тағы. Төрт жерде өткізілді. Әлі белгісіз болып тұр. Республикалық байқау ұйымдастырылған жағдайда біздің облыстық жеңімпаздар республикаға жолданатын болады, – дейді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қанатұлы.

Өзгелердің жаңалығы