Бас жаңалықтар
Таразда әкесіндей адамды аяусыз сабаған жігіт ұсталды
01 Желтоқсан 2020, 06:05 354

Таразда әкесіндей адамды аяусыз сабаған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда әкесіндей адамды аяусыз сабап, ол ес-түссіз жатқанда түгін қалдырмай тонап кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Ол бұрын сотты болған 23 жастағы қала тұрғыны. Қазір қаскөй уақытша қамауға алынды. 

Күдікті ұсталып, кінәсін толық мойындады. Айғақ зат алынды. ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Тараз қаласы ПБ бастығы Асылхан Зәуірбеков.
Оқиға әлеуметтік желіге жария болып, қоғамда қызу талқыға түсті. Тәртіп сақшылары да егде адамға қатыгездік танытқанды жатпай-тұрмай іздеп, ақыры үш күнде тауып отыр. Ол жәбірленушінің ұялы телефоны мен 10 мың теңгесін алып кеткен. 23 жастағы азамат ақшаға бола 57 жастағы кісіні өлімше етіп сабағаны үшін 7 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Айта кетсек, төрт күн бұрын 57 жастағы ер адамды тура үйінің кіреберісінде белгісіз біреу аяусыз тепкілеп, артынша тонап кеткен еді. Алған жарақатынан жәбірленушінің жағы сынып, миы шайқалып сол жерде жатып қалған. Кейін көрген көршілері оны ауруханаға жеткізген. Шұғыл ота жасалған. «Қазір жағдайы біршама тәуір» дейді дәрігерлер.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...