Бас жаңалықтар
Талдықорғанда полиция ғимараты өртенді
VIDEO
09 Қазан 2021, 16:06 1271

Талдықорғанда полиция ғимараты өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда полиция департаментінің ғимараты отқа оранды.

Өртенген полиция ғимаратының кадрлары әлеуметтік желілерде тарап кетті. 

Алматы облысының полиция департаменті өрт 8 қазанда шамамен сағат 19:40 шамасында болғанын хабарлады. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметі қызыл жалынды 25 минут ішінде сөндірген.


Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Кейінірек төтенше жағдай туралы қосымша ақпарат береміз, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...