Талдықорғандықтар Орбұлақ шайқасын тамашалады

20 Қазан 2019, 10:46
6923
Бөлісу:
Талдықорғандықтар Орбұлақ шайқасын тамашалады
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біз бұған дейін парсы жауынгерлеріне қарсы тұрған "300 спартандық" жайлы оқып, біліп келдік. Алайда Орбұлақ шайқасында 50 мың жоңғар қолының жолын бөгеп, ерлік көрсеткен 600 сарбазымыз жайлы білмедік. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Батталов Орбұлақ шайқасының 376 жылдығына арналған қойылым кезінде айтты.

Оның айтуынша, Еуропада және басқа елдерде тарихи шайқастарды қойылым ретінде халыққа көрсетіп отырады, бұл халықтың өз тарихын кеңінен тануға септігін тигізеді. 
IMG_20191019_161339.jpg
"Мәселен, көрші Ресейде Бородино шайқасын осылай қойлым ретінде көрсетіп, халыққа жеткізіп жатады. Бізде қазақ батырларының ерлігін жастарға үлгі ретінде көрсетіп, оларды патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек. Жас ұрпақ ата-бабамыздың аттың үстінде жүріп мынау ұланғайыр жерді ерлікпен қорғап қалғанын біліп өскені жөн", - дейді әкім.
IMG_20191019_152856.jpg
Сондай-ақ ол, Орбұлақ шайқасын зерттеу жұмыстары жалғаса беретіндігін, қазір біз "Рухани жаңғыру" аясында түрлі экспедициялар жасалып, кітаптар шығарылып, деректі фильмдер жасап жатқандарын айтты.
IMG_20191019_153209.jpg
"Әр өңірдің өз ерекшелігі бар, дегенмен Жетісуда тарихи жәдігерлер мен оқиғалар көп орын алған. Соның барлығын зерттеп, бүгінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Жаудың өткелі «Жоңғар қақпасы» да осында. Аңырақай, Орбұлақ шайқастары да осы өңірде өткен. Қазір бейбітшілікте, тоқшылықта өмір сүріп отырмыз. Сондықтан еліміздің бұрынғы тарихын, ерлігін қайта жаңғыртуымыз қажет", - деді А. Батталов.
 
Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев аталған шараны өткізу үшін 61 млн теңге жұмсалғанын айтты.

IMG_20191019_155735.jpg
"Бүгінгі шараны өткізудегі басты мақсат жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және өз тарихымызды дәріптеу. Шетелде осындай тарихи қойлымдар өте жақсы дамыған, оған 10 мыңдай халық жиналады. Бұл үрдіс бізде де орын алса екен деймін. Бізде «Орбұлақ шайқасы жай аңыз шығар» дейтін скептиктер бар, аңыз бола берсін, біздің басты мақсатымыз жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.  Және ол өзіміздің тарихпен байланысты болу керек. Сондықтан бүгінгі шараға арнайы автобус шығарып мектеп оқушыларын көптеп әкелдік",-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы