Талдықорғанда 5 мың ағаш отырғызылды

13 Қазан 2019, 10:31
1930
Бөлісу:
Талдықорғанда 5 мың ағаш отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда «Экосағат» республикалық акциясының аясында 5 мың ағаш отырғызылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Амандық Баталовпен бірге ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері "Қаратал" шағын ауданында "Шахмат" шағын скверінің маңында көшеттер екті.

Сондай-ақ жас көшеттер "Жастар" саябағында, тұрғын үй аулаларында, қала мектептерінде отырғызылды. Атап өтсек, акция қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға үндейді.

Еске салсақ, бұған дейін республикалық "Экосағаттың" бірінші кезеңінде облыстағы білім мекемелерінің аулаларына 30 мыңнан
астам ағаш егілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы