Таиландтағы техникалық себеппен кешіктірілген ұшақ Астанаға бет алды

12 Наурыз 2019, 19:51
2229
Бөлісу:
Таиландтағы техникалық себеппен кешіктірілген ұшақ Астанаға бет алды

Астана, BAQ.KZ. Таиландта техникалық себептерге байланысты кешіктірілген ұшақ Астанаға қарай бағыт алды. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 


«Утапао – Астана рейсі Қазақстанға қарай бет алды», - деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, Scat әуе компаниясының Утапао – Астана бағыты бойынша Б767 әуе кемесінің (тіркеу нөмірі UP-6703) VSV465 рейсі 11 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де ұшуы тиіс болатын. Бірақ, техникалық себептерге байланысты ұшуы кешіктірілді. Туроператорлар 283 адамды құрайтын аталған рейс жолаушыларына тамақ пен қонақ үйден орын ұсынған. 

Комитетте атап өткендей, 12 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 04:00-де Алматы – Пхукет бағыты бойынша Scat әуе компаниясының VSV469 рейсімен әуе кемесінің ақауларын ретке келтіру үшін мамандар жіберіледі.
Өзгелердің жаңалығы