Бас жаңалықтар
Тағы бір голливудтық фильм қазақша сөйледі
21 Қаңтар 2021, 10:07 297

Тағы бір голливудтық фильм қазақша сөйледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында Pixar студиясы түсірген «Жан» фильмінің қазақша нұсқасы көрсетіледі. 

Фильм кинокритиктердің оң пікірлерін алып, қазірдің өзінде соңғы жылдардағы Pixar студиясының ең жақсы фильмдерінің бірі ретінде танымал болды.

Фильм «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалған. 

Голивудттық фильмдерді қазақ тіліне аураруға бағытталған «Өзіңнен баста» жобасының жетекшісі Айымгүл Орынбаева аталған фильмді қаза тіліне аударуға BI Group компаниясы демеуші болғанын айтады.

Бұл қазақ тіліне дубляждалған біздің 36-шы туындымыз. Фильм 2020 жылы шығу керек еді, алайда пандемияға байланысты уақыты кейінге шегерілді. Біз негізінен отбасылық фильмдерді таңдап, дубляждаймыз. Екіншіден, бұл фильм философиялық әрі адамға ой салатын, мағынасы терең туынды. Біз коммерциялық емес ұйым болғандықтан жұмыстардың барлығы демеушілердің қолдауымен іске асып жатыр. Бұл фильмге BI Group компаниясы демеуші болды, олар осымен 11 туындыны қазақ тілінде сөйлетуге атсалысып отыр, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол қазақ тіліндегі фильмдерді кинотетарлар әлі де ыңғайсыз уақытқа қойып жатқанын айтып, өкінішін білдірді.

Біздің басты мақсатымыз – қазақтілді аудиторияның құқығын қорғау. Осы бағытта 10 жылдан бері әлемдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждап келе жатырмыз. Біздің аудитория жылдан жылға өсіп келеді, әрдайым статистика жүргізіп тұрамыз. Алайда, кинотеатрлар сұраныс аз деген желеумен біздің фильмдерді прайм-таймға қоймайды. Ыңғайсыз уақытқа қойса әрине оған халық бармайды. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп, келісім жүргізіп келеміз. Бірақ бұл үкіметтің тікелей араласуымен ғана шешіледі. Олар қазақтілді және орыстілді фильмдердің көрсетілімің 50-50 пайыз болсын деген ереже енгізу керек. Оған қоса ыңғайлы уақытқа қойылып, оны қадағалап отыру керек. Сол кезде дубляж жасау мәселесі де оң шешіледі, - дейді Айымгүл Орынбаева. 

Фильмде мектепте музыка пәнінің мұғалімі Джо Гарднер өмір бойы джаз ансамблінің құрамында сахнада өнер көрсетуді армандаған еді. Бірде ол әйгілі клуб әншісіне тыңдаудан сәтті өтіп, қуанышы қойнына сыймай, үйіне бара жатқанда, люкке түсіп, мерт болады. Енді Джоның алдында бір ғана жол - Ұлы Кейінге апарар жол бар, бірақ жолда ол мәңгілікке апарар эскалатордан қашып, ойда жоқта Ұлы Дейінге түседі. Мұнда жаңа жандар өзін табады, болашақ адамдарда арман мен қызығушылық пайда болады. Джо көптеген ғасыр бойы өзінің ұшқынын таба алмай, Жерге бара алмай жатқан 22 атты қырсық жанның тәлімгері болады.

Фильм кинотеатрда көрсетіліп болған соң,  Ivi, Megago онлайн кинотеатрларынан көруге болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...