Бас жаңалықтар
Тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ға ұлғайды – АШМ
22 Қыркүйек 2020, 10:15 125

Тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ға ұлғайды – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шарушалығы министрі Сапархан Омаров айтты.

Сапалы өнімнің алынуы мемлекеттің өсімдік шаруашылығына қолдау көрсету жөніндегі мақсатты саясатының арқасында мүмкін болды. Биылғы жылы тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ға ұлғайды (9,4 млрд теңгеден 14 млрд теңгеге дейін). Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жоғары репродукциялы тұқым сатып алуға қолжетімділігін 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге арттыруға (39,4 мың тоннадан 135 мың тоннаға дейін) мүмкіндік берді.Тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38%-ға едәуір ұлғайды (19,0 млрд теңгеден 26,1 млрд теңгеге дейін). Соның  арқасында тыңайтқыш енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 20%-ына дейін ұлғайта алдық, - дейді Сапархан Омаров. 

Оның айтуынша, кепілдендірілген және сапалы өнім алуда егістерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу бойынша қабылданған шаралардың маңызы зор болды.

Биылғы жылы пестицидтерді субсидиялауға 36,4 млрд теңге көзделді. Бұл 2019 жылға қарағанда 9 млрд теңгеге көп. 2020 жылға дейін тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттер субсидияланғанын атап өткен жөн. Биылғы жылдан бастап пестицидтердің инсектицидтер мен фунгицидтер (өсімдіктер зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттар) сияқты басқа да түрлері субсидияланады. Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес (2020 жылғы 27 тамыз) астық өндірісінің Ресейде, Канадада, Аустралияда өсуіне байланысты  2020 жылғы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 трлн тонна болады деп бағалануда (2019 жылы – 2,1 трлн тонна), - дейді министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...