Түркия Ливияға әскер аттандырмақ

26 Желтоқсан 2019, 22:23
2332
Бөлісу:
Түркия Ливияға әскер аттандырмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаңтар айында парламент өз жұмысын қайта бастаған кезде ел әскерін Ливияға жіберу туралы сауал жолдайтынын айтты. 

Оның Анкарадағы бұл мәлімдемесін NTV телеарнасы көрсетті.

Біз парламент ашылғаннан кейін оларға бірден әскер жіберу туралы сауал жолдаймыз. Егер бізге тиісті (Триполи тарапынан әскерді жіберу туралы) шақыру келіп түссе, біз оны қабылдаймыз, - деді ол. 

Эрдоғанның сөзінше, егер Триполидан шақыру келмесе, онда әскер ешқайда жіберілмейді. 

Біз Триполидегі әкімшілікке қолымыз келгенше көмек көрсетеміз. Қазір олар еуропа мен араб елдерінің кейбіреуі қолдап отырған бүлікшіл генералға қарсы күрес жүргізіп жатыр. Олар генералға көмектесіп жатыр, ал біз Ливияның заңды үкіметі жағындамыз, - деді Түркия көшбасшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ливияда екі атқарушы билік органы бар: бірі – Фаиз Сараждың халықаралық мойындалған ұлттық келісім үкіметі. Екіншісі – елдің шығысында орналасқан Абдалла Абдуррахман ат-Танидің уақытша кабинеті. Соңғысын Парламент пен Ливия ұлттық әскерінің (ЛҰА) фельдмаршалы Халифа Хафтар қолдап отыр.

Маршал 12 желтоқсан күні оның қарулы күштері "ел астанасы үшін шешуші шайқасқа" кірісетінін жариялаған еді. Бұған дейін ЛҰА қолбасшылығы Ливияның ішкі істеріне араласқысы келген кез келген шетел интервенциясына қарсы тұратынын мәлімдеді. 

Сондай-ақ, Түркияның көмек ретінде жібергісі келетін ұшақтарын атып түсіріп, кемелерін батырып жіберетінін де бірнеше рет атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы