Бас жаңалықтар
Бүгін
Түркістанда стадион, музей жəне медиа-орталықтың құрылысы басталды
16 Қаңтар 2019, 18:46 618

Түркістанда стадион, музей жəне медиа-орталықтың құрылысы басталды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістан облысына іссапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін 7 мың орынға шақталған стадионның құрылыс жұмыстары көрсетілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астаналық жұмысшы топты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев нысан басына өзі алып барып, Түркістанның болашақтағы сәулеттік сәніне әр беретін ғимараттың орнын көрсетті. Мердігер компаниясы «BI Group» ЖШС-і болып табылатын нысанның салыну барысын жобаның әзірлеушісі саналатын «Самұрық Қазына «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Б.Сандықбаев баяндады. Оның айтуынша, спорт нысанының көлемі 33 286 шаршы метр болса, жалпы жобаның ауданы 6,4 гектар. Болашақта жергілікті 100 адамды жұмыспен қамтуды көздеген ғимараттың ел игілігіне берілу мерзімі 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Әкімшілік-іскерлік орталықта құрылысы басталған нысанның жалпы салыну жоспарымен танысқан Бірінші Вице-премьер жұмыстарды сапалы жасап, уақытылы пайдалануға беру мәселесіне жіті тоқталды.

Мұнан соң, А.Маминге Қожа Ахмет Яссауи музейінің құрылыс жұмыстары таныстырылды. Аталған мұражайдың мердігері «Базис-А» холдингі. Аудағы 3 мың шаршы метрді алатын ғимаратта да келешекте 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Ұлы тұлғаға арналған музейдің де құрылыс жұмыстарын аяқтап, ел игіліне беру мерзімі келесі жылдың соңына жоспарланған.

Астаналық жұмысшы топ аялдаған келесі нысан əкімшілік-іскерлік орталығындағы медиа-орталық болды. "BI Group" компаниясы мердігер мекемесі болып табылатын нысанның тапсырысшысы Алматы қаласының əкімдігі. Аумағы 1 шақырымды алатын нысанның аяқталуы 2020 жылдың соңына сəйкес келеді.

Сізден жаңалық