Бас жаңалықтар
Түркістанда футбол алаңдары мен теннис корты ашылады
02 Сәуiр 2019, 15:04 755

Түркістанда футбол алаңдары мен теннис корты ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда қаланың дамуы және өңірдегі салық түсімі мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қаласын дамыту бойынша қала әкімі Әліпбек Өсербаев баяндама жасады. Ол облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тиісті шаралар қолға алынып, жүйелі түрде жұмыстардың атқарылып жатқанын мәлімдеді.

«Қала аумағында 10 гүлзар салу туралы жұмысты үйлестіру бағытында, халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан көпшілік пайдаланатын қоғамдық орындардың санын арттыру мақсатында бірнеше алаңшаларды ашу жоспарланып отыр. Осыған сәйкес,  негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы жерлер анықталды. Бүгінде сол аумақтардағы 148 түрлі бағыттағы нысанды мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары жүргізілуде», – деді қала басшысы.

Сондай-ақ, қала әкімі шаһардағы ғимараттардың қоршаулары мен жол бойындағы темір шарбақтарды алып тасталатынын айтты. Бұл жұмыстар нәтижесінде қаланың шырайын арттырады деді. Сонымен қатар, жиында қала орталығындағы базарларды сыртқа шығару бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны да айтылды. Осы мақсатта қала сыртынан жалпы көлемі 25 гектар болатын жер телімі анықталған. Базарларға ұсынылатын жерлердің инфрақұрылымын жүргізуге жобалық - сметалық құжаттамаларды дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған.

Баяндамамен танысып шыққан облыс басшысы қаланы дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде уақытылы атқаруды және облыс орталығына лайық жаңадан салынуы тиіс бірқатар жобаларды атады.

«Облыс орталығында халық уақытын тиімді өткізетін орындар мен медициналық мекемелер ашылу керек. Осыған байланысты Түркістан қаласында 10 шағын футбол алаңы мен 10 теннис корты салынуы тиіс. Одан бөлек, мұнда ипподром мен мұз сарайы бой көтеруі қажет. Мәдениетің ордасы ретінде опера театрын салуды да тапсырамын», - деді облыс әкімі.

Ал, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Әлібек Тілегенов 2019 жылға салық салу базасын кеңейту бойынша міндеттер туралы бяндама жасады. Оның сөзінше, бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі, бюджетке түсетін салықтар және міндетті төлемдер бойынша берешек сомаларды азайту. Бұл ретте, департамент басшысы берешегі бар борышкерлердің облыс және ауданаралық қайта тіркеуден өтуіне жол бермеу, жалған кәсіпкерлікпен күресу мақсатында, Мемлекеттік кірістер органдары, Әділет органдары және Азаматтарға арналған үкімет арасында Меморандум ұйымдастырып, орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін айтты.


 


Загрузка...

Сізден жаңалық